(Муслим риуаят еткен)

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Бір-бірін балағаттап керісіп қалған екі адамның аузынан шыққан жаман сөздердің күнәсін сөз естіген адам сөз қайтаруда шектен шықпаса, бірінші болып бастаған адам арқалайды  деп айтты»  деген.

(Муслим риуаят еткен)

 
хадистер
5 ноября, 12:24
212

(Муслим риуаят еткен)

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім білім жолына түссе, Аллаһ тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді»  деп айтты»  делінген.

(Муслим риуаят еткен)

 
хадистер
5 ноября, 12:21
284

Бухари; Муслим риуаят еткен

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Ешбірің отырған адамды орнынан тұрғызып, оның орнына отырушы болмаңдар. Араларыңа біреу келіп қосылса, ортаны кеңейтіп, сығылыспай кең отырыңдар  деп айтты»  деген. Ибн Омарға біреу тұрып орын бергенде, оның орнына отырмайтын.

(Бухари; Муслим риуаят еткен)

 
хадистер
14 сентября, 12:00
236

Әбу Саид әл-Худриден

Әбу Саид әл-Худриден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Адам баласы таңертең ұйқыдан тұрғанда бүкіл дене мүшелері тілдің алдында бас иіп: Біз үшін Аллаһтан қорық. Шын мәнінде біз саған тәуелдіміз. Егер сен туралықты ұстансаң, біз де тура жолда боламыз. Ал егер тура жолдан тайсаң,  біз де таямыз  деп айтады»  деген.
(Тирмизи риуаят еткен)
 
хадистер
3 августа, 12:39
164

хадис

АллаҺ елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айының ортасындағы түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Себебі, Аллаһ тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», деп таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді»[1] дей келе, «Аллаһ тағала шағбан айының он бесінші түні (Бәраат түні) жер бетіне мейірім жаудырып, Өзіне серік қосқандар мен ата-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді», деген

хадистер
15 июля, 14:52
172

Тирмизи риуаят еткен хадис

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): (Жалған дүниенің) ләззатын ұмыттыратын (өлімді) жиі естеріңе алыңдар  деп айтты»  деген.
хадистер
13 июля, 9:51
547

(100 хадис кітабынан)

Ер адам қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш-жалаңаш етіп нәпақасыз қалдырса, соның өзі күнә ретінде оның бір басына жеткілікті болады.

(Әбу Дәууд риуаят еткен)

хадистер
26 мая, 9:15
495

(100 хадис кітабынан)

Дүниеқұмар және мансапқұмар адамның дініне келтіретін зияны, қойға шапқан қос қасқырдың тигізген кесірінен әлдеқайда қауіпті болады.

(Тирмизи риуаят еткен)

 
Фәни дүниенің мүмкіндіктері* тұрғысынан өздеріңнен үстем болып, жоғары тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға көз салыңдар. Өйткені бұл  сендерді Аллаһтың берген нығметтерін азырқанып, қанағат тұтпаудан сақтайды.

* Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен, білім және т.б.
(Муслим риуаят еткен)

хадистер
25 мая, 10:31
215

100 хадис кітабынан

Торсығыңның аузын буып, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе, Аллаһ тағала да саған берер ризығын байлап тастайды .

(Бухари; Муслим риуаят еткен)(100 хадис кітабынан)

хадистер
19 апреля, 10:14
1241

100 хадис кітабынан

Кімде-кім харамнан тыйылып арын таза ұстауға тырысса, Аллаһ оны арлы қылады . Ал, кімде-кім қолда барға қанағат қылып, ешкімнен тіленбесе, Аллаһ оны көңілін тоқ қанағатшыл етеді. Сондай-ақ, кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оған терең сабыр береді. Ешбір жанға сабырлылықтан үлкен әрі қайырлы сый бұйырмаған.
(Бухари; Муслим риуаят еткен)
(100 хадис кітабынан)

хадистер
11 апреля, 9:58
307